Украина Днепр өзенінің сол жағындағы кейбір аймақтарды бақылауына алды
Орыс әскерінің 24 танкі, 48 сауытты көлігі мен 89 зеңбірегі жойылды.
Украина армиясы Днепр өзенінің сол жағындағы кейбір аймақтарды бақылауына алды.
Украина әскери-теңіз күштері қолбасшылығы Херсон аймағында орыс армиясына қарсы операциялардың сәтті өткенін білдірді. Қолбасшылық Украина жасақтарының Днепр өзенінің сол жағасындағы кейбір аймақтарды бақылауға алғанын хабарлады.
Аймақтағы қақтығыстарда орыстың 1200-ден астам әскері қаза тапты. 2200-ден астам орыс әскері жарақат алды. Орыс әскерінің 24 танкі, 48 сауытты көлігі мен 89 зеңбірегі жойылды.
Ресей Қорғаныс министрлігі 2022 жылы 9 қараша күні Херсон қаласындағы қорғаныс желісінің Днепр өзенінің сол жағасына ығысатынын жариялаған еді. Украина Бас штабының басшысы Валерий Залужний болса «Ресейдің Херсонда қашудан басқа амалы жоқ» деген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.