Әлем елдерінен Израильге наразылықтар

Пәкістан Израильдің Газаны палестиналықтардың тұруына жарамсыз етіп жатқанын мәлімдеді.

2065509
Әлем елдерінен Израильге наразылықтар

Газада зорлық-зомбылық пен бомбалауды жалғастырып жатқан Израильге әлемнің көптеген елінен наразылық келуде.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газаны палестиналықтардың тұруына жарамсыз етіп жатқанын мәлімдеді. Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мумтаз Зехра Балуч Израильдің азаматтық инфрақұрылымдар мен парламент ғимараты сияқты әкімшілік нышандарын қиратып, Газаны палестиналықтар үшін әдейі өмір сүруге жарамсыз еткенін айтты. Апталық баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдемесінде Балуч Израильдің ауруханаларды, әртүрлі гуманитарлық ұйымдарға тиесілі құрылымдарды, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігі (UNRWA) және осы мекемелердің қызметкерлерін бомбалағанын білдірді.

«Израильдің артында тұрғандар бұл елдің Палестина халқына қарсы этникалық тазарту жоспарын жүзеге асыруын тоқтатуы керек» деді ол. Израильдің халықаралық заңдарды мүлде елемей, ауруханаларды нысанаға алғанына назар аударған Балуч халықаралық қауымдастықты «Израиль басқыншы күштерін ауруханаларға жасаған шабуылдарына байланысты жауапқа тартуға» шақырды.

Иордания болса Израильге күн энергиясын беру келісімінен шығатынын жариялады. Иорданияның Сыртқы істер министрі Айман Сафади мәлімдемесінде Иорданияның Израильге тұзсыздандырылған су беру қарымжысына Израильге күн энергиясын қамтамасыз ету үшін Біріккен Араб Әмірліктері дәнекер болған келісімнен шығатынын мәлімдеді.

Сафади "Израиль бүкіл аймақты тозаққа айналдырды. Оның зардаптарын шегуі керек", - деді.

Норвегияда парламенттегі партиялардың көпшілігі үкіметтің тәуелсіз Палестина мемлекетін тануға «дайын» ​​болу туралы ұсынысын қабылдады. Норвегия баспасөзінің хабарлауынша, үкімет Парламентке тәуелсіз Палестина мемлекетін тануға «дайын тұру» ​​туралы ұсыныс жасады.



Ұқсас жаңалықтар