Голландияда Палестинаға қолдау шерулері өтті

Голландияның көптеген қалаларындағы вокзалдарда Палестинаға қолдау көрсету мақсатында шерулер өтті.

2065618
Голландияда Палестинаға қолдау шерулері өтті

Ел астанасы Амстердамның орталық вокзалында жергілікті уақытпен сағат 18:00-де жиналған шерушілер «Палестинаға азат» және «Өзеннен теңізге дейін азат Палестина» деген ұран салды.

Палестина туларын желбіретіп, атысты тоқтатуға шақырған шерушілер Голландия үкіметінің Израильді қолдағаны үшін наразылық білдірді.

Шерушілер Палестинада қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, кейін бірге дұға оқыды.

Амстердаммен бір мезгілде Роттердамда, Эйндховенде, Ниймегенде, Гаагада, Утрехтте, Бредада және басқа да Голландияның көптеген қалаларында шерулер ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар