Сомалидегі су тасқынынан 42 адам қаза тапты

Сомалиде нөсер жаңбырдан туындаған өзен тасқыны салдарынан 42 адам қаза тапты.

2065193
Сомалидегі су тасқынынан 42 адам қаза тапты

Сомали Апатты Басқару Агенттігіның (SODMA) мәлімдемесінде елде нөсер жаңбыр салдарынан қаза тапқандар санының көп екені білдірілді.

Мәлімдемеде нөсер жаңбыр мен соның салдарынан туындаған өзен тасқыны салдарынан 42 адамның қаза тапқаны және апаттың 1 миллионға жуық адамның зардап шеккені атап өтілді.

Енді бір жағынан  SODMA Сомалидегі қатты жаңбырдың 21 қарашаға дейін жалғасатынын ескертті.

Беледвейн қаласының мэрі Надар Табах су тасқынының үлкен шығын әкелгенін және соңғы жылдары болмаған ауқымда көші-қонға себеп болғанын  айтты.

Беледвейнен басқа, Афгойе, Було Марер және Авдхигл сияқты көптеген қалаларда су тасқыны болды.

Су тасқыны салдарынан үлкен қаржылық шығынға ұшыраған қалаларда қайықтармен құтқару жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар