Израильдік елшінің БҰҰ-ға Таяу Шығыс наразылығы

Александр Бен-Жви: "БҰҰ-ның біздің проблемамызды шеше алатынына күмәнім бар".

2064221
Израильдік елшінің БҰҰ-ға Таяу Шығыс наразылығы

Израильдің Ресей федерациясындағы елшісі Александр Бен-Жви Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Таяу Шығыс дағдарысын шешу қабілетіне күмәнданатынын мәлімдеді.

«БҰҰ-ның біздің проблемамызды шеше алатынына күмәнім бар, өйткені мен БҰҰ-ның осы уақытқа дейін бірде-бір мәселені шешкенін көрген жоқпын» деген дипломат ұйымды «босқа кеткен уақыт» деп атады.

Бен-Жви «Бұл ұйым осы уақытқа дейін Израиль үшін немесе мәселені шешу үшін ешнәрсе жасаған жоқ» деді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Тель-Авивтің Газа секторындағы әрекеттеріне қатысты қатал ұстаным көрсетуде.

Гутерреш Израильді палестиналық бейбіт тұрғындарды қыруды тоқтатуға және жергілікті халыққа көмек көрсету үшін гуманитарлық дәліз құруға шақырған болатын.

Осы себепті Израиль әкімшілігі Гутеррешті сынға алады және тіпті бас хатшыны отставкаға кетуге шақырады. Тель-Авив БҰҰ өкілдеріне виза беруді тоқтатты. БҰҰ Газа секторындағы ғимараттарды да Израильдің әуе шабуылдарының нысанасына айналды.

12 қараша күні Израильдің шабуылы салдарынан БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің (UNRWA) Газа секторындағы ғимаратына айтарлықтай зиян келді.

Ұйым қызметкерлері шабуылдан 1,5 сағат бұрын ғимараттан шығып кеткендіктен, шабуылда ешкім зардап шеккен жоқ.



Ұқсас жаңалықтар