Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Израиль шабуылдарында қазірге дейін 11 мың 78 палестиналық қаза тауып, 27 мың 490 адам жарақат алды.

2063408
Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Израиль армиясының 7 қазан күнінен бері толық қоршауындағы Газа секторына жасаған шабуылдары жалғасуда.

Әл-Ақса телеарнасының «Telegram» арнасында жарияланған хабарға қарағанда Израиль әскери ұшақтары Газа секторының орталығындағы палестиналық «Неххале» отбасының үйін бомбалады. Шабуыл салдарынан қаза тапқандар және жараланғандар бар екені хабарланды.

Израиль әскери ұшақтары Чибалийедегі «Бераш» отбасы мен Сахабе көшесіндегі «Неххале» отбасына тиесілі үйлерді бомбалады. Екі шабуылда да қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені хабарланды.

Израильдің Хан Юнустың шығысындағы Бени Сухейла аймағында «Әбу Шаб» отбасына тиесілі үйді нысанаға алу нәтижесінде 1 бала өліп, 4 адам жараланды.

Израильдің қарулы қайықтары Газа секторының орталық бөлігіндегі жағалау желісін ондаған артиллериялық снарядпен атқылаған.

Израиль армиясы Газаның Рафах қаласына артиллериялық шабуылға қоса жарықтандырғыш бомбалар лақтырды.

Газаның Наср ауданында қоныс аударғандар паналаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының штаб-пәтері бомбаланған, қаза тапқандар мен жаралылар бар екені білдірілді.

Израиль әскери ұшақтары Наср ауданындағы Мехди перзентханасын бомбалап, 2 дәрігер қаза тауып, көптеген адам жараланды.

Екінші жағынан Палестина ресми агенттігі «WAFA»-ның хабарына қарағанда Израильдің Газа секторының солтүстігіндегі Тель-эз-Затар аймағында палестиналық «әл-Аскари» отбасының үйіне жасаған шабуылында 9 адам қаза тауып, кейбір палестиналықтар жарақат алды.

Жергілікті ақпарат көздері Шифа ауруханасының ауласында жерде жатқан 80-ге жуық мәйіт табылғанын және денсаулық сақтау қызметкерлерінің ештеңе істей алмағанын хабарлады.

Израиль 7 қазан күнінен бері 38-і Газа секторындағы қақтығыстарда, барлығы 354 сарбаз бен 1200 израильдіктің өлтірілгенін және 5 132 адамның жараланғанын жариялады.

Израильге қарағанда Иззеддин әл-Кассам бригадасының қолында 239 израильдік тұтқын бар.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігіне қағанда Израильдің шабуылдарында 4 мың 506 бала, 3 мың 27 әйел, барлығы 11 мың 78 палестиналық қаза тауып, 27 мың 490 адам жарақат алды.

Шерияның батысы мен Иерусалимде Израиль әскерлері мен еврей қоныстанушылар 183 палестиналықты өлтірді.



Ұқсас жаңалықтар