«CENTCOM» Сирияда әуе шабуылы жасады
АҚШ Сирияда Иранға жақын қарулы топтарға әуе шабуылы жасағанын хабарлады.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Сирияда Иранға жақын қарулы топтарға әуе шабуылы жасағанын хабарлады.
«CENTCOM» мәлімдемесінде әуе шабуылының Иран Ислам Төңкеріс сарбаздары мен оған жақын қарулы топтар пайдаланатын нысандарға жасалғанын атап көрсетті.
Мәлімдемеде аталған әуе шабуылының Сирия мен Ирактағы АҚШ азаматтарына бағытталған бұрынғы шабуылдарға жауап ретінде жасалғаны, бірақ Сирияның қай жерінде жасалғаны және нәтижесі туралы ешбір ақпарат берілмеді.
Мәлімдемеде «Шабуылдың жауапкерлеріне қарсы халқымызды қорғау мақсатты қажетті бар шараны қабылдаймыз және өзіміз белгілеген бір уақыт пен жерде жауап қайтарамыз» делінді.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.