Пәкістандағы қарулы шабуылда 2 полиция қаза тапты

Хайбер-Пахтунхва қаласындағы мұнай және табиғи газ компаниясына шабуыл жасалды.

2061660
Пәкістандағы қарулы шабуылда 2 полиция қаза тапты

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва қаласында мұнай және табиғи газ компаниясына жасалған шабуылда екі полиция қызметкері қаза тапты.

«Geo News» телеарнасының хабарына қарағанда содырлар Хайбер-Пахтунхва қаласының Дера Исмаил Хан аймағында мұнай және табиғи газ компаниясына шабуыл жасады.

Шабуылда 2 полиция қаза тауып, 3 полиция қызметкері жараланды.

Лауазымдылар қаза тапқан және жараланған полициялардың компанияның қауіпсіздігіне жауапты екенін және содырларды ұстау үшін операция басталғанын мәлімдеді.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойындаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар