Газа қаласын толығымен қоршауға алды

Бұл туралы Израиль армиясы хабарлады.

2060707
Газа қаласын толығымен қоршауға алды

Израиль әскері блокададағы Газа секторын екіге бөліп, Газа қаласын толығымен қоршап алғанын хабарлады.

Армия баспасөз хатшысы Даниел Хагари баспасөз мәслихатында Газаға жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады. Израиль күштерінің Газа қаласын толығымен қоршап алғанын және Газа секторын екіге бөлгенін білдірген Хагари «Бүгін Газаның солтүстігі мен Газаның оңтүстігі бар» деді.  Хагари Газаның солтүстігіндегі палестиналықтардың  оңтүстігіне өтуіне рұқсат беретіндерін білдірді. Газаға жасалған шабуылдар туралы сұраққа жауап берген Хагари Израиль күштерінің аймақта ауқымды шабуылдар жасағанын атап көрсетті.

Израиль бас штабының басшысы Герци Халеви де Ливанмен шекара орналасқан солтүстікке шабуыл жасауға дайын екендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар