Пентагон атысты тоқтатуға қарсы

Пентагонның баспасөз хатшысы генерал Пэт Райдер журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

2059802
Пентагон атысты тоқтатуға қарсы

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Израиль мен «Хамас» қозғалысы арасындағы атысты тоқтатудың «Хамас»-тың «қайта ес жинауына» әкелетіні туралы алаңдаушылық білдіруі себепті атысты тоқтатуды қолдамайтындарын мәлімдеді.

Пентагонның баспасөз хатшысы генерал Пэт Райдер баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Райдер Газа секторындағы қақтығысқа қатысты «Хамас-қа қайта жиналуға және Израиль азаматтары мен басқаларға қауіп төндіруге жағдай жасайтын атысты тоқтатуды қолдамаймыз» деді.

«АҚШ президенті Джо Байден гуманитарлық көмектің Газа секторына кіруі және тұтқындар мен басқа азаматтардың кетуіне мүмкіндік жасау үшін гуманитарлық үзіліс жасауды қолдайтынын естідім» деген Райдер Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің де әріптестерімен жасаған кездесуінде аймақтағы палестиналық бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізілуі тақырыбын талқылағанын білдірді.

Ақ Үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан да «Қақтығысқа кез-келген үзіліс жасау «Хамас»-тың мүддесіне. Бұл шындық. Осында көптеген күрделі фактілер бар. Гуманитарлық үзіліс тұтқынға алынғандарды босату үшін жақсы болар еді. Алайда «Хамас»-тың мұны өз мүддесіне пайдаланатынына сеніміміз бар» деді.

Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні таңертең «Израиль палестиналықтар мен Әл-Акса мешітінен бастап, олардың қасиетті құндылықтарына бағыттап үнемі бұзушылықтарына жауап қайтару» негізінде жан-жақты шабуыл жасаған соң Израиль армиясы да Газа секторын әуеден қарқынды түрде бомбалады.



Ұқсас жаңалықтар