Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Израиль Жабалия босқындар лагерьіне 2-ші рет шабуыл жасады.

2059215
Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Израильдің Жабалия босқындар лагерьіне 24 сағатта жасаған екінші шабуылында өлген, жараланған және із-түзсіз жоғалғандар санының 1000-ға жеткені хабарланды.

Израиль әскери ұшақтарының Газаның Наср ауданындағы Әл-Шарк наубайханасын бомбалауы нәтижесінде нан алу үшін күтіп тұрған 20 адам қаза тапты.

Екінші жағынан Йемендегі кейбір аймақтарды бақылайтын хоуситтер Израиль ішіндегі көптеген нысанаға көптеген пилотсыз әуе көлігімен шабуыл жасағандарын жариялады.

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Яхья Сери Израильдің Газадағы шабуылдары тоқтағанға дейін «әскери операциялардың жалғасатынын» атап көрсетті.

Ливандағы Хизбуллах ұйымы Израильдің қарулы пилотсыз әуе көлігін атып түсіргенін хабарлады.

Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы Газа секторындағы кейбір шетелдік тұтқындардың жақын арада босатылатынын хабарлады.

Газаның әлемге ашылатын жалғыз қақпасы Мысыр шекарасындағы Рафах қақпасы шектеулі түрде ашылды. Шетелдіктер мен зардап шеккендердің алғашқы колонналары шекарадан өтті. Израиль шабуылдарында жарақат алған газалықтар да емдеу үшін жедел жәрдем көліктерімен Рафах шекара қақпасынан Мысырға жеткізілді.

Шектеулі болса да жәрдем көліктерінің кіргені, Газа секторында 44 елдің азаматы бар екені атап көрсетілді.

Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні азанда Израильдің палестиналықтардың қасиетті құндылықтарын, әсіресе Әл-Ақса мешітін үнемі басқыншылығына жауап ретінде оларға қарсы жан-жақты шабуыл жасағанымен, Израиль армиясы Газа секторын әуеден қарқынды бомбалады.

Израиль ресмилері Газадан жасалған шабуылдарда 315 әскер барлығы 1400-ден астам израильдіктің қаза тапқанын және 5 мың 132 адамның жараланғанын хабарлады.

Израиль армиясының баспасөз хатшысы Даниель Хагари Газада әл-Кассам бригадасының қолында 240 израильдік тұтқын бар екенін мәлімдеді.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израиль шабуылдарында 3 мың 648-і бала мен 2 мың 290-ы әйел, барлығы 8 мың 796 палестиналықтың қаза тауып, 22 мың 219-ының жараланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар