Түні бойы бомбалады

Израиль армиясы аурухана маңындағы үйлерді нысанаға алды.

2058121
Түні бойы бомбалады

Израиль әскери ұшақтары мен зеңбіректері түні бойы Газа секторының аймақтарын бомбалады.  Шабуылдарда көптеген адам қаза тапты.

Палестина ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Газаның ортасындағы Зевайде аймағындағы Медициналық орталық маңында бір үй нысанаға алынды. 18 адам қаза тапты.  Арасында көптеген әйелдер мен балалар бар.

Мысыр шекарасына жақын Рафах қаласындағы шабуылда да 18 адам қаза тапты.

Рафах қаласындағы Батыс Босқын лагеріне жақын тұратын Хижази отбасының үйін нысанаға алған Израиль ұшақтарынан лақтырылған бомбалар 9  палестиналықтың өліміне,  көптеген адамның жарақат алуына себеп болды.

Газаның солтүстігіндегі бір үй бомбаланып, 3 адам қаза тапты.  Олардың бірі – 6 жасар бір бала.  9 адам жарақат алды.

Бомбалау салдарынан құлаған үйдің астында қалған адамдар бар екені айтылды.

Газаның орта аймағындағы Зейтун ауданында бір үй бомбаланып, 7 адам қаза тапты. Ондаған адам жарақат алды.

Израиль ұшақтары айырықша қаланың солтүстік-батыс жағындағы Ататра,  Бейт Лахие және Бейт Ханун аймақтарын бомбалады. Рафах қаласының батысында бір үй мен Тель Эль-Хевада көптеген үй бомбаланды.  Үш адам қаза тапты.

Израиль ұшақтары Газаның көптеген аймақтарына түні бойы жарық түсіріп, барлауды жалғастырды. Түні бойы ауруханаларға жақын жерлерді бомбалады.

Ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Газаның солтүстігіндегі Индонезия ауруханасы, Палестина қызыл жарты ай қоғамы басқарған Құдіс ауруханасы,  оңтүстіктегі Газа Еуропа ауруханасы және Түркия-Палестина Достық ауруханасы төңірегіндегі үйлер Израиль бомбалауының нысанасы болды.

Газадағы үкіметтің Медиа кеңсесі басшысы Селаме Маруф баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, «Израиль Газада 47 мешітті құлатты.  3 шіркеуге үлкен зиян келтірді.  Шабуылдар нәтижесінде 200 мыңнан астам ғимарат қирады. Бұлардың 32 мың 500-і толығымен жермен-жексен болды. 203 мектепте үлкен зиян бар. 45 мектеп толығымен қызмет бере алмайтын жағдайға келді. Газаға 18 мың тонна бомба лақтырылды. Бұл – Хиросимаға атылған бомбадан бір жарым есе көп. Израиль армиясы 908 отбасыға қырғын жасап, мыңдаған адамның өліміне себеп болды.  Шабуылдарда 35 журналист, 124 медицина қызметкері мен жедел құтқару командасынан 18 азаматтық қорғаныс қызметкері қаза тапты» деді.

Израиль күштері Хамас Саяси кеңсе басшысының орынбасары Салих әл-Аруридің Рамалладағы үйін де жарып жіберді.  Армия сонымен бірге Ливандағы Хизуббалаға тиісті кейбір пункттерді нысанаға алғанын хабарлады.

Сонымен қатар Хамас қозғалысының әскери қанаты Изеддин әл-Кассам бригадалары жауынгерлерінің Газаның оңтүстігінен кірген Израиль күштерімен қақтығысып жатқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар