Песков Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне балама ұсынысына жауап қайтарды

Ресей президенттік сарайының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеме жасады.

2058439
Песков Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне балама ұсынысына жауап қайтарды

Ресей Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесіне балама құру көзқарасына пікір білдірді.

Ресей президенттік сарайының (Кремль) баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің түрік тарапының ұсынысына қатысты сұрақтарына жауап қауап қайтарып, бұл мәселеде халықаралық консенсус қажет екенін айтты.

БҰҰ-да белгілі бір пікір қайшылықтары бар екенін айтқан Песков журналистердің түрік тарапының ұсынысына қатысты сауалдарына жауап қайтара отырып, бұл мәселеде халықаралық консенсус қажет екенін білдірді.

БҰҰ-да белгілі бір пікір қайшылықтары бар екенін айтқан Песков «Біріккен Ұлттар Ұйымы сол кездегі өте күрделі келісімдердің, халықаралық қауымдастықтың өте күрделі консенсусының жемісі ретінде құрылды және әрине, түрік тарапы жариялаған бастама, кем дегенде, осындай консенсусты қажет етеді. Біз БҰҰ жүйесі әлемдік күн тәртібіндегі кейбір маңызды мәселелер бойынша өзінің тиімсіздігіне қарамастан, жалғыз және баламасыз халықаралық механизм болып қала береді деп есептейміз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған 18 қазан күні Газа секторындағы ауруханаға жасалған шабуылдан кейін жасаған мәлімдемесінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиімсіз екенін айтып, Президент аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай жазған мақаласында жаһандық мәселелерді шешуде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жеткіліксіздігіне назар аударып, жаңа халықаралық ұйымдар қажет екенін атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар