Израильдің Газаға шабуылы бүгін де жалғасты

Израиль армиясының Газа секторына шабуылдарына 21 күн болды.

2056645
Израильдің Газаға шабуылы бүгін де жалғасты
israil cami saldiri.jpg
israil gazze saldiri.jpg

Израиль армиясы қоршаудағы Газа секторында құрлық әскерлерінің жаңа «нүкте операциясы» жүргізгенін хабарлады.

Армиядан жасалған жазбаша мәлімдемеде Газаның орталық аймағында құрлық күштері жүргізген «нүктелік» операцияға соғыс ұшақтары мен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың да қолдау көрсеткені атап өтілді.

Операция барысында ұшақтар мен артиллерия бөлімшелерінің Газа секторының түкпір-түкпірінде, әсіресе Шуджия аймағында Хамастың әскери қанаты Изеддин әл-Кассам бригадаларына тиесілі деген аймақтарға соққы бергені хабарланды. «Нүкте» операциясынан кейін құрлық күштерінің Газадан Израиль аумағына оралғаны және әскерилердің зардап шекпегені атап өтілді.

Израиль армиясы кеше де Газаның солтүстігінде танктермен «нүкте» операциясы жасалғанын хабарлаған еді.

Израиль армиясының Газа секторына шабуылдарына 21 күн болды.

Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA-ның» хабарына қарағанда Газа секторының батысындағы Шати босқындар лагеріндегі әл-Абяд мешітіне жасалған әуе шабуылынде адамдар қаза тапты және жарақат алды. Бірнеше зымыранмен нысанаға алынған әл-Абяд мешіті қиратылды.

Израиль әскери ұшақтары Хан Юнис, Әл-Шати босқындар лагері және қаланың әртүрлі аудандарындағы азаматтық үйлерді де нысанаға алды.

Израиль армиясының Батыс Шериядағы Дженин және Наблус қалаларына көп санды әскермен жасаған шабуылында 2 палестиналық қаза тауып, 12 палестиналық жараланды. Израильдің Хан Юнис қаласындағы бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылынан кемінде 15 палестиналық қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Палестиналық журналист Ясир Әбу Намус отбасының үйі де нысанаға алынып, Әбу Намус пен анасы қаза тапты.

Негізінен Израиль бомбалауы салдарынан қақтығыс аймақтарында 25 журналист қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар