АҚШ-тың Сириядағы базаларына шабуыл жасалды

Сириядағы АҚШ күштері орналасқан әскери базаға құрлықтан құрлыққа атылатын қарумен 8 мәрте шабуыл жасалды.

2056463
АҚШ-тың Сириядағы базаларына шабуыл жасалды

Сирияның Хасака уәлаятының Шаддади ауданында АҚШ күштері орналасқан әскери базаға құрлықтан құрлыққа атылатын қарумен 8 мәрте шабуыл жасалды.

Шабуылдар кезінде базаға және оның айналасына зымырандардың құлағаны анықталды, алайда қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат берілмеді.

Соңғы 4 күнде АҚШ армиясы Тенеф аймағында, Ирак шекарасына жақын Маликийе ауданында, Хасака уәлаятында және Сирияның Шаддади ауданында АҚШ армиясы  орналасқан базаларға қайдан келгені белгісіз қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары және  құрлықтан құрлыққа атылатын қарулармен шабуылдар ұйымдастырылуда.

Иран қолдайтын топтар құрлықтан құрлыққа атылатын қару-жарақтар және қарулы ұшқышсыз әуе көліктерімен шабуыл жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар