Ресейде ядролық жаттығу өтті

Путин жаттығуды бейнеконференция арқылы қадағалады.

2056147
Ресейде ядролық жаттығу өтті

Ресейде құрлық, әуе және теңіз элементтерінің қатысуымен ядролық шабуылға жауап қайтару жаттығулары өтті.

Ресей президенттік сарайы Кремль президент Владимир Путиннің жаттығуды бейнеконференция арқылы қадағалағанын білдірді.  Жаттығуда құрлық, теңіз және әуе элементтерінің ядролық тежеу ​​қаруларының қолданылғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде жаттығу кезінде баллистикалық және қанатты зымырандар ұшырылғаны, ұшырылымдардың Ресей ұлттық қорғаныс бақылау орталығының бақылауында болғаны атап көрсетілді. Жаттығуда сондай-ақ «Ярс» құрлықаралық баллистикалық және «Синева» баллистикалық зымырандары қолданылды.

Ресей мемлекеттік телеарнасында жарияланған жаттығу кадрларында Путинге есеп беріп жатқан Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу «Жаттығу жаудың ядролық соққысына жауап ретінде ірі ядролық соққы беру бойынша миссияларды орындауды қамтиды» деді.



Ұқсас жаңалықтар