Израиль шабуылдары түнімен жалғасты

Газадағы Палестина Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.

2056245
Израиль шабуылдары түнімен жалғасты

Израиль әскери ұшақтарының түнімен Газа секторының әртүрлі аймақтарын бомбалауы салдарынан көптеген адамның қаза тауып, жараланғаны хабарланды.

Газадағы Палестина Ішкі істер министрлігінің «Telegram» аккаунтынан таратылған хабарламаға қарағанда Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласында әл-Астал отбасының үйіне Израиль әскери ұшақтары әуе шабуылын жасады.

«Шихаб» ақпарат агенттігі Астал отбасынан 18 адамның қаза тапқанын, қаза болғандардың көбінің балалар екенін жазды.

Хан Юнистың шығыс бөліктеріндегі елді мекендер артиллериялық атысқа және әуе шабуылына ұшырады.

Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Лахья аймағындағы Әл-Ран отбасы мен орталық бөлігіндегі Нафак көшесінде Әбу Хасира мен Абдуллатиф отбасыларына тиесілі екі ғимаратқа жасалған әуе шабуылында көптеген адам қаза тауып, жарақат алды.

Израиль әуе шабуылы Газадағы Камал ауруханасының жанында орналасқан Реззан ғимаратын нысанаға алды. Әуе шабуылында аймақта қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені білдірілді.

Сондай-ақ Газаның орталық бөлігіндегі Дейр-Белах аймағында да «Ақса шейіттері» ауруханасының жанындағы бір үйге Израиль ұшақтары шабуылдады.

Газаның орталық бөліктеріндегі Зевайде аймағын бомбалаған Израиль ұшақтары ауданды қиратты. Зевайде аймағындағы үлкен қирауда қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені атап көрсетілді.

«Шифа» ауруханасының директоры баспасөзге тек бір ғимаратқа берген соққыдан 50 мәйіт шыққанын хабарлады.

Израиль армиясының түнде қоршау астындағы Газа секторының солтүстігіне танктермен басып кіргенін "нүктелік операция" жасаған соң сарбаздарыдың Израиль аумағына қайта оралғанын хабарлады.

Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Қассам бригадалары 7 қазан күні таңертең Израильге қарсы «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты шабуыл бастады.

Бұған жауап ретінде Израиль армиясы соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған болатын.

Қақтығыстарда осы уақытқа дейін 308-і әскер, барлығы 1 400 израильдік қаза тауып, 5 132 израильдік жараланды.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Израиль шабуылдарында 2 704-і бала мен 1 584-і әйел, барлығы 6 546 палестиналықтың қаза тапқанын жариялады.

Басқыншылық астынлағы Шерияның батысында Израиль күштері мен еврей қоныстанушылардың шабуылдарынан болса 100-ден астам палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар