Шабуылдар 19-шы күні де толассыз жалғасты

Қазірге дейін 5 мың 791 адам палестиналық қақза тапты.

2055457
Шабуылдар 19-шы күні де толассыз жалғасты

Израиль армиясының Газа секторына бағытталған шабуылдары 19-шы күні де  таңға дейін үзіліссіз жалғасты.

Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA-ның» хабарлауынша, Газа секторының батысындағы Шати босқындар лагеріндегі бір үйге жасалған әуе шабуылы салдарынан азаматтар қаза тапты және жарақат алды.

Израиль әскери ұшақтары Нусайрат босқындар лагеріндегі әл-Фарадж мешітінің айналасындағы аймаққа, Хан Юнистің шығысындағы Бени Сехиле және Зейтун аудандарына, Құдс ауруханасы жанындағы әл-Хелис пәтеріне шабуыл жасады.

Аймақтағы ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Газадағы Хан Юнис қаласының оңтүстігіндегі Кизан әл-Наджар аймағындағы «Үлкен отбасына» тиесілі үй әуе шабуылында бомбаланған. Шабуылдан 6 адам қаза тапты.

«Aksa» телеарнасы Газадағы Әл-Жала көшесіндегі Хаттин мешітінің Израиль әскери ұшақтары тарапынан бомбаланғанын хабарлады.

Газа секторының Мысыр шекарасына жақын орналасқан Рефах қаласындағы Абу Сауд отбасының үйін Израиль ұшақтары бомбалады. Шабуыл кезінде қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені айтылды.

Израиль армиясының соғыс ұшақтарымен бірге басып алынған Батыс Шериядағы Дженин қаласына жасаған шабуылында 4 палестиналық қаза тауып, көптеген адам жараланды. Шабуылмен бір уақытта Израиль күштерінің қаладағы электр қуатын да өшіргені айтылды. Израиль әскерлері мен Палестиналық тойтарыс күштері арасында қақтығыстар болды.

Хамастың қарулы қанаты Изз ад-Дин әл-Кассам бригадалары 7 қазан күні таңертең Израильге қарсы «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты шабуыл бастаған еді. Израиль армиясы да соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған болатын.

Газадан жасалған шабуылдарда бүгінге дейін 1400 израильдік, оның ішінде 308 сарбаз қаза тауып, 5132 израильдік жарақат алды.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 2 мың 360 бала және 1292 әйел бар, барлығы 5 мың 791 адамның қаза тауып, 16 мың 297 адамның жараланғанын жариялады.

Оккупацияланған Батыс Шерияда 90-нан астам палестиналық Израиль күштері мен еврей қоныстанушыларының шабуылынан қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар