Насраллах "Хамас" пен "Исламдық жиһад" өкілдерімен кездесті

«Хамас» қозғалысы және «Палестина Исламдық жиһад» қозғалысының жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті.

2055681
Насраллах "Хамас" пен "Исламдық жиһад" өкілдерімен кездесті

Хизбуллах қозғалысының бас хатшысы Хасан Насраллах 7 қазан күнінен бері алғаш рет «Хамас» қозғалысы және «Палестина Исламдық жиһад» қозғалысының жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті.

8 қазан күнінен бері Израиль армиясымен қақтығысып жатқан Ливандағы «Хузбуллах» қозғалысы бас хатшысы Насраллах «Палестина Исламдық жиһад» қозғалысының бас хатшысы Зияд ан-Наххале және «Хамас» Саяси бюросы басшысының орынбасары Салих әл-Аруримен бас қосты.

«Хизбуллах» қозғалысының ресми «Telegram» аккаунтынан жасалған мәлімдемеде үштік жиналыста Газа секторындағы соңғы өзгерістер, «Хамас» қозғалысының Израильге қарсы бастаған «Ақса топаны» шабуылы мен Ливан-Израиль шекарасындағы қақтығыстардың талқыланғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Израильдің Газа секторы және Палестинаға бағытталған аяусыз шабуылын тоқтату үшін қарсылас майданының осы нәзік кезеңде шынайы жеңіске жету үшін не істеу керектігі бағаланды» делінді.

Мәлімдемеде сондай-ақ кездесу барысында оқиғаларды күнделікті қадағалап отыруға және тұрақты үйлестіруді қолдауға баса назар аударылғаны білдірілді.

Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын ауқымды бір шабуыл жасағанын хабарлады. Хабарламаның артынан Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыранмен шабуыл жасалып, қарулы топтар аймақтағы елді мекендерге басып кірген болатын.

Израиль армиясы болса әскери ұшақтармен Газа секторына бағытталған «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар