Әлемдік көші-қон өткен жылы рекордтық деңгейге жетті

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымының «Халықаралық көші-қонды болжау 2023» есебі жарияланды.

2055177
Әлемдік көші-қон өткен жылы рекордтық деңгейге жетті

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерге тұрақты көші-қон өткен жылы рекордтық деңгейге жетті.

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымының «Халықаралық көші-қонды болжау 2023» есебі жарияланды.

Есепке қарағанда Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне тұрақты көші-қон өткен жылы 2021 жылмен салыстырғанда 26 пайызға өскенін, бұл өсімнің 2023 жылы жалғасатынын бідірді.

Өткен жылы Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне тұрақты көші-қон 6 миллионнан астам жаңа тұрақты мигрантпен бірге рекордтық көрсеткішке жетті.

Барлық жаңа тұрақты көші-қонның 40 пайызын отбасылық көші-қон құрады, оның 21 пайызы еңбекке байланысты көші-қон болды.

Рапортта Канада мен Украина тізімде ең жоғарғы иммиграция көрсеткіштерін көрсетті.

Бұл есептерге украиндық босқындар тіркелмеді.

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегі украиндық босқындар саны 2023 жылдың маусымында 4.7 миллионға жетті. Украинадағы босқындар дағдарысы Екінші Дүниежүзілік соғыстан бері Еуропада тіркелген ең үлкен «көші-қон» есептелді.

Германия, Польша және АҚШ украиндық босқындар саны ең көп елдер ретінде ерекшеленсе, Эстония, Чехия және Литва халыққа шаққанда украиналық босқындар саны ең көп елдер ретінде тіркелді.

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде мигранттарды жұмыспен қамдау 2021 және 2022 жылдар аралығында Польшаны қоспағанда жақсарып, рекордтық деңгейге жетті.

Жаңа Зеландия 82.7 пайызбен ең көп иммигрант жұмыспен қамтылған ел болса, бұл көрсеткіш Австралияда 77.2 пайыз, Ұлыбританияда 75.8 пайыз және АҚШ-та 72.6 пайызға жетті. Бұл елдерде иммигранттардың жұмыспен қамдалу деңгейі ел ішіндегі жұмыспен қамдау деңгейінен асып түсті.

ЕО-да иммигранттардың жұмыспен қамдалуы 66.8 пайыз болып есептелді.

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде азаматтық алған иммигранттар саны да 2022 жылы 2.8 миллионға дейін өсті.



Ұқсас жаңалықтар