Дмитрий Песков Израиль-Палестина қақтығысына тоқталды

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Израиль-Палестина қақтығысына байланысты журналистерге мәлімдеме жасады.

2055292
Дмитрий Песков Израиль-Палестина қақтығысына тоқталды

Ресей Израиль-Палестина қақтығысына қатысты тез арада атысты тоқтату және палестиналықтарға тәуелсіз мемлекет құру керектігін мәлімдеді.

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Израиль-Палестина қақтығысына байланысты журналистерге мәлімдеме жасады.

Хамастың барлық кепілге алынғандарды тез арада босатуы керек екенін атап өткен Песков: "Бұл біздің берік ұстанымымыз. Әрине біз Хамасты барлық кепілге алынғандарды босатуды қамтамасыз етуге шақырамыз" деді.

Песков Хамас қолындағы Ресей азаматтарының босатылуына байланысты «қақтығысқа қатысы бар барлық тараптармен» хабарласу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланғандарын және бұл әрекеттердің жалғасатынын атап көрсетті.

Песков Хамастың қанша ресейлікті кепілге алғаны туралы сұраққа: «Бұл жерде шамамен есеп беру дұрыс емес, нақты санын айта алмаймын» деп жауап берді. 

Израиль тарапымен тұрақты түрде кездесіп, қарқынды диалог жүргізетіндерін айтқан Песков: "Ресей тарапының ұстанымы өте дәйекті. Мұны президент Владимир Путин талай рет қайталады. Біз терроризмнің барлық көріністерін айыптаймыз және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз атысты тоқтату келісімінің мүмкіндігінше тезірек өтуін және мәселенің шешімін табуын қалаймыз. Осы негізінде палестиналықтарға тәуелсіз мемлекет беруді қамтамасыз етудің қажеттігіне сенеміз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар