Израильде үкімет пен армия келіспей жатыр

Израильдің "Yediot Ahronot" газеті премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен армия арасында сенім дағдарысы болғанын хабарлады.

2054783
Израильде үкімет пен армия келіспей жатыр

Израильдегі үкімет пен армия арасындағы дағдарыс туралы жаңалықтар ел баспасөзінде басты орынға шықты.

Израильдің "Yediot Ahronot" газеті премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен армия арасында сенім дағдарысы болғанын жазды.

Газет Нетаньяхудың 7 қазан күні Кассам бригадалары жүргізген операция үшін жауапкершілікті мойындамағанын, керісінше армияны айыптап, осы себепті қолбасшыларға ашуланғанын алға тартты.

Хабарда Нетаньяху Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант және армия арасында Газаға құрлық шабуылының уақыты туралы пікірталас жүріп жатқаны білдірілді.

Галант пен армия басшыларының ұсыныстарына қарамай Нетаньяхудың Ливан шекарасына құрлық шабуылын бастаудан бас тартқаны айтылды.

Газет қоғамда бірлік бар екенін, бірақ үкімет пен әскер арасында жағдай басқаша болғандықтан шешім қабылдауда қиналғанын жазды.

Израильдің ықпалды газеттерінің бірі "Haaretz" де өз талдауында Нетаньяху армияға қарсы дәлелдер жинағанын мәлімдеді.

"Haaretz" премьер-министр Нетаньяху Хамас операциясының сәтсіздігі үшін армияны кінәлауға дайындалып жатқанын алға тартқан болатын.

Хамастың қарулы қанаты Изеддин әл-Кассам бригадалары 7 қазан күні таңертең Израильге қарсы «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасаған еді.

Палестиналық қарулы топтар Газа-Израиль шекарасындағы Бейт Ханун-Эрез шекара қақпасын басып алды.

Артынан Израиль әскері ондаған соғыс ұшағымен Газа секторына шабуыл бастаған болатын.

Газадан жасалған шабуылдарда 1400 израильдік, оның ішінде 307 әскер қаза тауып, 5 мың 132 израильдік жарақат алды.

7 қазаннан бері Израиль шабуылдарынан 2 мың 55-і бала, 1119-ы әйел 5 мың 87 адам қаза тауып, жараланғандар саны 15 мың 273-ке өсті.

Палестиналық қарулы топтардың кепілінде 222 адам ұсталып отыр.



Ұқсас жаңалықтар