Израиль армиясының Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Израиль армиясы соңғы тәулікте Газа секторында 400 елді-мекенді бомбалағанын хабарлады.

2054980
Израиль армиясының Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Бейбіт тұрғындарды қырып-жоюды тоқтату туралы әлемнің түкпір-түкпірінен жасалған шақыруларға қарамастан, Израиль күштері Газаны бомбалауды жалғастыруда.

Израиль армиясы жасаған мәлімдемеде Газа секторындағы әртүрлі аудандарда нысанаға алынған 400 елді-мекеннің бомбаланғанын хабарлады.

Мәлімдемеде нысанаға алынған орындардың «Хамас нысанасы» екені айтылғанымен араларында нәрестелер де бар бейбіт тұрғындардың өлімі туралы айтылмады.

Израиль армиясы нысаналардың бірінің мешіт екенін де жасырмады.

Әл-Акса арнасының «Telegram» желісіндегі аккаунтынан жариялаған хабарына қарағанда Израильдің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде бір түннің ішінде араларында көпшілігі әйел мен бала 110 палестиналық қаза тапты.

Соғыстың 18-ші күнінде Израиль армиясы түні бойы Газа секторының көптеген жерлеріне қарқынды әуе шабуылдарын жасады.

Әл-Акса арнасының ауруханадағы дереккөздерге сілтеме жасаған хабарына қарағанда Израиль әскери ұшақтарының Газа секторындағы Хан Юнис қаласы мен Рафах қаласындағы бейбіт елді мекендеріне жасаған шабуылдары нәтижесінде қаза тапқандар саны 57-ге жетті. Шабуылдарда ондаған адамның жараланғаны хабарланды.

Үйінділер астында әлі көп адам бар екені және құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны білдірілді.

Израиль армиясы Ливан шекарасындағы «зымырандық шабуылына дайындалып жатқан топтарды» қарулы пилотсыз әуе көліктерімен атқылағанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар