Идлибтегі Ресей шабуылында 5 бейбіт тұрғын қаза тапты

Латакиядағы Хмеймим базасынан көтерілген ресейлік соғыс ұшағы Идлибтің батысындағы Хамаме ауылы маңындағы лагерьге әуе шабуылын жасады.

2055269
Идлибтегі Ресей шабуылында 5 бейбіт тұрғын қаза тапты

Сирияның Идлиб уәлаятында күшпен қоныс аударған бейбіт тұрғындар паналаған лагерьге Ресей соғыс ұшағымен жасаған әуе шабуылында 5 бейбіт тұрғын қаза тауып, 7 бейбіт тұрғын жарақат алды.

Идлибтегі ұшақ обсерваториясынан алынған мәліметке қарағанда Латакиядағы Хмеймим базасынан көтерілген ресейлік соғыс ұшағы Идлибтің батысындағы Хамаме ауылы маңындағы лагерьге әуе шабуылын жасады.

Сирия Азаматтық қорғаныс (Ақ дулығалы) топтарынан алынған мәліметке қарағанда шабуылда балалар да бар кемінде 5 бейбіт тұрғын қаза тауып, 7 бейбіт тұрғын жараланғаны хабарланды.

Жараланғандарды азаматтық қорғаныс топтары Идлибтегі ауруханаларға жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар