Ирактағы қақтығыста 2 кісі қаза тапты

Ирак армиясы мен Ирак Күрд Аймақтық үкіметінің Пешмерге күштері арасында болған қақтығыста 3 адам қаза тапты.

2054566
Ирактағы қақтығыста 2 кісі қаза тапты

Ирактың Мосул қаласына қарасты Махмур ауданында Ирак армиясы мен Ирак Күрд Аймақтық үкіметінің Пешмерге күштері арасында кеше болған қақтығыста 3 адам қаза тапты.

Ирактың "INA" ақпарат агенттігінің хабарлауынша Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Суданидің әскери мәлімдемешісі генерал Яхья Расул мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде оқиғада 3 адамның қаза тапқаны және екі жақтан 7 адамның жараланғаны, премьер-министрдің оқиғаны тергеу үшін жоғары деңгейлі комитет құруға бұйрық бергені білдірілді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарларында 2 пешмергенің қаза тапқаны және екі жақтан да көптеген адамның жараланғаны хабарланды.Қақтығыстың Махмурдағы бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның босатқан базалардың бақылауы салдарынан болғаны алға тартылды. 



Ұқсас жаңалықтар