Иордания королі: «Газаға қарсы соғысты дереу тоқтату керек»

Иордания королі Абдуллах II Газа секторына жасалған шабуылдардың дереу тоқтатылу керектігін мәлімдеді.

2054068
Иордания королі: «Газаға қарсы соғысты дереу тоқтату керек»

Мысырда Газадағы оқиғалар талқыланған «Каир Бейбітшілік саммитіне» қатысқан Иордания королі Абдуллах II «Басымдықтарымыз айқын және жедел. Ең алдымен Газа секторына қарсы соғысты дереу тоқтату керек. Бейбіт адамдарды қорғауға және азаматтық адамдарға қарсы емес, жалпы құндылықтар мен адам құқықтары туралы заңға сәйкес ортақ бір ұстаным болуы керек. Керісінше мұны бір топқа қолданғанда, бұл құндылықтар барлық мағынасын жоғалтады» деді.

Иордания королі Газа секторына гуманитарлық көмек және жанар-жағармай, азық-түлік және дәрі-дәрмектің үздіксіз және үзіліссіз жеткізілуі қажеттігін баса айтты.

Газа секторынан палестиналықтардың күштеп көшірілу мәселесіне де тоқталған Король II Абдуллах палестиналықтардың ішкі және сыртқы көшке мәжбүрленуін мүлде қабылдамағандарын атап «Бұл халықаралық құқық бойынша бір соғыс қылмысы және бәріміз үшін қызыл сызық» деді.

Абдуллах ІІ «Газа секторында жалғасып жатқан аяусыз бомбалауды, көмекке мұқтаж және қыспақта қалған адамдарды жаппай жазалау туралы айтып отырмыз. Бұл адам құқығын ашық түрде бұзу және әскери қылмыс» деді.



Ұқсас жаңалықтар