Аббас екі мемлекетті шешімге баса назар аударды

Палестина президенті Махмуд Аббас Каир Бейбітшілік саммитінде мәлімдеме жасады.

2054066
Аббас екі мемлекетті шешімге баса назар аударды

Палестина президенті Махмуд Аббас Израильдің Палестина жеріндегі оккупациясының аяқталуы және халықаралық заңды шешімдерге сәйкес екі мемлекетті шешімнің жүзеге асырылу керектігін айтты.

Мысырдың бас қаласы Каирдің шығысында салынған жаңа билік бас қаласында 31 мемлекет және 4 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен Каир Бейбітшілік саммитінде Газа секторындағы оқиғалар талқыланды.

Палестина президенті Аббас саммитте сөйлеген сөзінде Палестина халқының мекемелерге, үйлер мен ауруханаларға дейін созылатын соғыспен бетпе-бет келгенін атап, «Халқымыздың басқа елдерге көшірілуіне бағытталған бастама жасағандарды ескертеміз. Біз өз жерімізде тұрақты түрде қала береміз» деді.

Аббас әр екі жақтан да бейбіт тұрғындардың өлтірілуін қабылдамайтынын атап, ұсталғандарды да босату керектігін айтты.

Аббас сонымен қатар Палестина халқының құқықтарына қатысты халықаралық шешімдердің орындалуын талап етті.



Ұқсас жаңалықтар