Сирияда АҚШ жасақтары тұрған жерге шабуыл

Табиғи газ желісінде де жарылыс болды.

2053578
Сирияда АҚШ жасақтары тұрған жерге шабуыл

Сирияның шығысындағы Дейр-эз-зор қаласында Америка Құрама Күштері жасақтары орналасқан Конико газ алаңына шабуыл жасалды.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, АҚШ жасақтары орналасқан газ алаңына кім екені белгісіз қарулы әуе аппараттарымен шабуыл жасалды. Шабуылда кен орнына ешбір шығын келмеді.

Дереккөздер Конико маңындағы табиғи газ желісінде де жарылыс болғанын білдірді.  Жарылыстың себебі анықталмады.

Осы оқиғалардан кейін аймақта АҚШ тікұшақтары мен дрондары ұша бастады.



Ұқсас жаңалықтар