Халықтың 80 пайызы Нетаньяху жауапты деп санайды

«Лазар» зерттеу институтының 510 израильдікпен жүргізілген сауалнамасының нәтижелері жарияланды.

2053734
Халықтың 80 пайызы Нетаньяху жауапты деп санайды

Израильде халықтың 80 пайызы Хамас шабуылына Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды жауапты деп санайды.

Израильдің «Maariv» атты газеті «Лазар» зерттеу институтының 510 израильдікпен жүргізілген сауалнамасының нәтижелерін жариялады.  Сауалнамаға қарағанда, израильдіктердің 80 пайызы 7 қазан күні болған шабуылда Нетаньяхуды жауапты деп санайды. «Израильдіктердің тек 8 пайызы ғана Нетаньяхуды жауапты деп есептемейді.  12 пайызы болса пікірлері жоқтығын білдірді» деп айтылды.

Израиль халқының 65 пайызы елдің болашағына үмітпен қарайды. 25 пайызы жылы қарамайды. Сауалнама қорытындысына қарай, елде бір сайлау болса үкіметті қалыптастырған саяси партиялардың мәжілістегі 120 орынның тек 43-ін ғана алатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар