13 күннен бері бомбалап жатыр

Израиль түні бойы Газаны бомбалады.

2052976
13 күннен бері бомбалап жатыр

Израиль армиясы 7 қазанда басталған соғыстың 13-ші күнінде де Газа секторына шабуылдарын жалғастыруда.

Израиль армиясы түні бойы Газа секторының әртүрлі бөліктерін бомбалауын жалғастырды. Қазірге дейін  3 мыңнан астам адам қаза тауып, 13 мыңға жуық адам жарақат алды.

Газаның Хан Юнис қаласына жасалған шабуыл нәтижесінде аймақтағы ғимараттар жарамсыз болып қалды. Азаматтық қорғаныс жасақтары мен жергілікті тұрғындар іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.

Сондай-ақ Израиль соғыс ұшақтары Газада бейбіт тұрғындар паналаған Біріккен Ұлттар Ұйымы Палестиналық босқындарға көмек агенттігіне (UNRWA) қарасты мектепке де соққы енгізді. Израиль әскері Газа секторының орталығындағы Нусейрат босқындар лагеріндегі «Ақса шейіттері» мешітін де нысанаға алды. Шабуыл кезінде қаза тапқандар мен жараланғандар болғаны хабарланды. Мешітте Израиль шабуылынан қашқан отбасылар паналаған болатын.

Ал Израильдің ресми мемлекеттік телеарнасы «KAN» Израиль армиясының Газа секторындағы құрлық операциясына дайындықтарын аяқтағанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар