Путин Таяу Шығыс басшыларымен сөйлесті

Ресей президенттік сарайы Кремль мәлімдеме жасады.

2051880
Путин Таяу Шығыс басшыларымен сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Палестина президенті Махмуд Аббас, Мысыр мемлекет басшысы Абдулфеттах эс-Сиси, Иран президенті Ибрахим Реиси және Сирия режимі басшысы Башар Асадпен Израиль-Палестина қақтығысына қатысты оқиғаларды талқылады.

Ресей президенттік сарайы Кремль жасаған мәлімдемеде Путиннің кейбір Таяу Шығыс басшыларымен телефон арқылы сөйлескені білдірілді.

Әңгіме барысында тереңдеп жатқан Израиль-Палестина қақтығысының талқыланғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Қақтығыстың ауқымды түрде шиеленісуіне, бейбіт тұрғындардың төтенше деңгейде өсуі және Газа секторындағы тереңдей түскен гуманитарлық дағдарысқа қатысты терең алаңдаушылық тілге тиек етілді. Барлық мұқтаж жандарға жедел көмек көрсету үшін атысты тоқтатуды тез арада орнатуға келісті» делінді.

Газадағы гуманитарлық жағдайдың да талқыланғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Путин Газадағы гуманитарлық жағдайдың өзектілігін, дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да өмірлік маңызы бар өнімдерді жедел жеткізу жолағындағы тосқауылды алып тастау қажеттігі туралы ескерту мен көзқарастарды тыңдады. Қақтығыстың аймақтық соғысқа айналу мүмкіндігіне қатысты да елеулі алаңдаушылықтар айтылды» делінді.

Әңгіме барысында Путиннің бейбіт тұрғындарға бағытталған зорлық-зомбылықтың қабылданбайтынына тоқталғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Дағдарыстың бұрын-соңды болмаған шиеленісуі Таяу Шығыстағы шешім үдерісінде ұзаққа созылған тығырықтан туындаған деген консенсус бар. Осы тұрғыда Путин Палестина мәселесін халықаралық құқықтық негізде ұзақ мерзімді және әділ шешімге қол жеткізу үшін Израильмен бейбіт және қауіпсіз өмір сүретіндей тәуелсіз бір Палестина мемлекетін құруды қамтамасыз ететін саяси процесті қайта бастау жөнінде өзінің принципті ұстанымын қайталады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар