Путин батыс елдеріне құқай көрсетті

Путин ресейлік әскери бөлімдердің байланыс шебі бойындағы позицияларын жақсартқанын мәлімдеді.

2051093
Путин батыс елдеріне құқай көрсетті

Ресей президенті Владимир Путин егер батыс елдері елімен соғысқысы келсе, «бұл мүлдем басқа соғыс болар еді» деді.

Путин Ресей мемлекеттік арнасына мәлімдеме жасады.

Украинаның «қарсы шабуылы» туралы сөз қозғаған Путин «Тоқырауға беталған қарсы шабуыл мүлдем сәтсіз болды" деді.

Путин ресейлік әскери бөлімдердің байланыс шебі бойындағы позицияларын жақсартқанын мәлімдеді.

Владимир Путин Ресей мен Қытайдың қайтадан әскери блок құрғаны жайлы пайымдауларға тоқталған Путин: "Біз мұны талай рет айттық. Біз мұндай әскери және саяси одақта бірікпейміз. Америкалықтар осылай жасап отыр. Оның үстіне олар одақтастарын Ресей және Қытаймен қарым-қатынасын нашарлатуға мәжбүрлеуде" деді.

Путин АҚШ Конгресінде Вашингтон мен одақтастарының Ресеймен де, Қытаймен де бір мезгілде соғысуға, соның ішінде ядролық қақтығыс талғамын да қарастыруға дайындалу туралы ұсынысына берген жауабында Путин: «Егер олар Ресеймен соғысқысы келсе, бұл мүлдем басқа соғыс болады. Егер ірі ядролық алпауыттар арасындағы соғыс туралы айтатын болсақ, бұл мүлдем басқа әңгіме» деді.



Ұқсас жаңалықтар