Газадағы соңғы жағдай

Израиль әскерлері мен Хамас арасындағы қақтығыс жалғасуда.

2049864
Газадағы соңғы жағдай

7 қазан күні Хамас бастаған шабуылдардан кейін аймақта палестиналық қарулы топтар мен Израиль арасындағы қақтығыстар жалғасуда.

Израиль армиясы түні бой Газа секторының батысындағы Әш-Шати босқын лагерін  және солтүстіктегі Жибалия аймақтарын бомбалады.  Көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны білдірілді.

Израиль күштері қоршау астындағы Шығыс Иерусалимнің солтүстігіндегі Календия босқын лагеріне басқын жасап, бір палестиналықты жаралады.  Екі адамды қамауға алды.

Израильдің әскери ұшақтары Газа секторының оңтүстігіндегі Рефах қаласына да әуеден шабуылдады.  Шабуылда 9 адам қаза тапты.  Көптеген ғимарат қирады.

Израиль армиясы Рефахқа ұйымдастырылған шабуылда Кассамның теңізші жасақтарының басшысы Мұхаммед Әбу Шамланың өлтірілгенін хабарлады. Мәлімдемеде Шамланың үйінде теңіз шабуылдарында қолданылатын оқ-дәрі жиналғаны алға тартылды.

Осы арада Израиль армиясы Палестина лақтырған зымыран санын жарияламайтынын білдірді.  Армия осындай мәліметтің Хамасқа көмектесетінін  хабарлады.

Газа секторын бомбалаған Израиль армиясы аймақта бір жедел жәрдем көлігін нысанаға алды.  4 медқызметкер қаза тапты.

Израиль күштері Газаның шығысында да бер медициналық қызметкерді өлтірді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем және медициналық қызметкерлер үшін халықаралық қолдау талап етті.

Израиль баспасөзіндегі хабарларға қарағанда, Газа маңындағы еврей елді мекеніне кірген палестиналық қарулы топтар мен Израиль әскерлері арасында қақтығыс шықты.

«Times of Israel» және «Kanal 12» арнасының хабарына қарағанда,  қақтығыста палестиналық 3 кісі өлтірілді.

Осы арада Израиль түрмелердегі палестиналық барлық тұтқындардың электр қуатын үзіп тастады. Лауазым иелері мұның мақсатының «Палестиналық тұтқандардың заңсыз телефондар арқылы сыртқы әлеммен байланысып,  террорлық лаңкестіктер үшін нұсқау беруінің алдын алу» екенін білдірді.

Хамас болса Израильдің солтүстігіндегі Хайфа қаласын зымыранмен атқылағандарын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар