Батыс Шериядағы Израиль шабуылында 28 кісі мерт болды

Израиль басқыншы күштері Хамас қозғалысы жетекшілерінің бірі Халид әл-Хажыны ұстады.

2049934
Батыс Шериядағы Израиль шабуылында 28 кісі мерт болды

Израильдің Газа секторына шабуылы жалғасып жатыр. Батыс Шерияда Израиль әскерлері мен қоныстанушылардың шабуылдарында қаза тапқандар саны 28 адамға жетті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің "Facebook" парақшасында жасалған жазбаша мәлімдемеде басып алынған Батыс Шерияда болған шабуылдарда қаза тапқандар санының 28-ге, жараланғандар санының шамамен 150 адамға жеткені атап өтілді.

Израиль армиясы  Батыс Шерияның солтүстігіндегі Дженин қаласына сағаттар бойы шабуыл жасады.

Куәгерлердің айтуына қарағанда Израильдің үлкен әскери күші көптеген нүктелерден Дженин қаласына кірген.

Шабуылдың алдын алғысы келген палестиналық жастарға Израиль армиясы нағыз және пластик оқтармен жауап берген.

Екі топ арасындағы шиеленіс қарулы қақтығысқа айналды.

Басқыншы күштер Хамас қозғалысы жетекшілерінің бірі Халид әл-Хажыны ұстады.



Ұқсас жаңалықтар