Гүлді өсімдіктердің жойылу қаупі бар

30 елден 200 ғалым әлемдегі ең үлкен ботаникалық және саңырауқұлақтар бағында зерттеу жүргізген.

2048993
Гүлді өсімдіктердің жойылу қаупі бар

Гүлді өсімдіктердің 45 пайызының жойылу қаупі бар екені анықталды.

Британдық «BBC» телеарнасының хабарына қарағанда, 30 елден 200 ғалым Лондондағы Корольдік ботаникалық бақтарда (Кью бақтары) әлемдегі ең үлкен ботаникалық және саңырауқұлақтар бағында зерттеу жүргізген. Ғалымдар белгілі гүлді өсімдіктердің 45 пайызы, соның ішінде орхидеялар, ананас сорттары және көптеген астық түрлері климаттың өзгеруі мен биоәртүрліліктің азаюына байланысты жойылу қаупінде тұрғанын анықтады.

Зерттеушілердің бірі доктор Матильда Браун «Дәрі-дәрмектеріміздің оннан 9-ы өсімдіктерден келетінін ескерсек, біз де болашақ дәрі-дәрмектеріміздің жартысынан айрылып қалу қаупімен бетпе-бет қаламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар