Ауғанстан тағы 6,3 және 5 балдық жер сілкінісімен шайқалды

Екі жер сілкінісінің де 10 шақырым тереңдікте болғаны хабарланды.

2049387
Ауғанстан тағы 6,3 және 5 балдық жер сілкінісімен шайқалды

Ауғанстанның Герат уәлаяты  сенбі күні болған қатты жер сілкінісінен кейін 6,3 және 5 балдық жер сілкінісімен шайқалды.

Америка геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жергілікті уақыт бойынша 05.11-де орталығы Гераттан солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай 28 шақырым жерде 6,3 балдық  жер сілкінісі болды.

Осы жер сілкінісінен 11 минуттан кейін сол аймақта 5 балдық екінші жер сілкінісі болды.

Екі жер сілкінісінің де 10 шақырым тереңдікте болғаны хабарланды.

Жер сілкінісінен кейін Герат тұрғындары үреймен көшелерге ағылды.  Қалада қысқа уақытқа электр қуаты үзілді.

7 қазанда Ауғанстанның батысында және Иранмен шекарада орналасқан Герат уәлаятында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00- қатарынан қатты жер сілкінісі болды.



Ұқсас жаңалықтар