Ирак пен Түркия арасында қауіпсіздік тақырыбында келісім жасалады

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шия эс-Судани «Қауіпсіздік мәселелерімен күресудің нақты тетіктерін табу үшін байланыс жасап жатырмыз» деді.

2048751
Ирак пен Түркия арасында қауіпсіздік тақырыбында келісім жасалады

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шия эс-Судани Иранмен жасалғандай Түркиямен ықтимал қауіпсіздік келісіміне қол қою диалогының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Ирактың ресми «Es-Sabah» газеті Суданидің Ресейге сапары алдында «Sputnik» агенттігіне берген сұхбатын жариялады.

Түркиямен қарым-қатынас және Иран сияқты Түркиямен қауіпсіздік келісіміне қол қою мүмкіндігі туралы сұраққа Судани былай жауап берді: «Біздің көршіміз Түркиямен терең тарихи қарым-қатынастарымыз бар. Екі ел арасында кең ауқымды бірлескен сауда көлемі өсуде. Екі ел арасындағы барлық ортақ мәселелер және қарым-қатынастардың реттелуі түйінінде диалогымыз жалғасуда. Қауіпсіздік мәселелерімен күресудің нақты тетіктерін табу үшін байланыс жасап жатырмыз».

Ирак әкімшілігі наурыз айында Тегеранмен қол қойылған қауіпсіздік келісіміне сәйкес 19 қыркүйектен бастап Иранға қарсы режим топтарының қарусыздандырылып, шекарадан алыс аймаққа қоныстанғанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар