WFP-нің Израиль-Палестина мәлімдемесі

БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) қақтығыстарға алаңдағанын жариялады.

2048204
WFP-нің Израиль-Палестина мәлімдемесі

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) Израиль мен Палестинадағы жағдайдың жылдам нашарлауы және бұл қақтығыстың аймақ халқына әсеріне қатты алаңдайтынын мәлімдеді.

Палестина мен Израиль арасындағы шиеленіске байланысты штаб-пәтері Римде орналасқан БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Израиль мен Палестина арасындағы жағдайдың жылдам нашарлауы және бұл қақтығыстың халыққа әсеріне қатты алаңдайды. Қақтығыстар күшейген сайын бейбіт тұрғындар, қорғаныссыз балалар мен отбасылар қақтығыстар салдарынан азық-түлік өндірісі бұзылғандықтан, адамдар негізгі азық-түлік ресурстарына қол жеткізуде қиындықтарға тап болуда» делінді

Мәлімдемеде сондай-ақ гуманитарлық көмекке қол жеткізу үшін шақыру жасалып, «БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы бүкіл тараптарды зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмектердің қауіпсіз және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге, гуманитарлық құқық қағидаттарын сақтауға және азық-түлікке қолжетімділікті қамтамасыз етуден бастап, бейбіт тұрғындардың өмірі мен әл-ауқатын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырады» делінді.

Сондай-ақ бағдарламаның жағдай мүмкіндік берген кезде қоныс аударған немесе баспанадағы адамдарға алдын ала жөнелтілген азық-түлік қорымен жедел қозғалуға, әлсіз адамдарға тұрақты азық-түлік пен ақшалай көмекті қалпына келтіруге дайын екендігі айтылды.

Мәлімдемеде Палестинаның зардап шеккен аймақтарындағы дүкендерде бір айлық азық-түлік қорының болғаны аталып, ұзаққа созылатын қақтығыс қорқуымен қорлардың тез таусылуы қаупі бар екені көрсетілді.

Аймақта электр қуатының жиі үзілуінің тағамның бүліну қаупін тудыруы мүмкін екені де ескертілді.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты операция бастағанын хабарлады. Газадан Израильге қарай мыңдаған зымыран атқылаған кезде қарулы топтар аймақтағы елді мекендерге басып кірген болатын.

Израиль армиясы болса әскери ұшақтармен Газа секторына бағыттап «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялады.

Шиеленіс күшейіп жатқан екі жақтан да жүздеген құрбан бар.



Ұқсас жаңалықтар