Ливан: "Біздің басымдылығымыз – шекара қауіпсіздігі"

Ливан премьер-министрі Наджиб Микати мәлімдеме жасады.

2048416
Ливан: "Біздің басымдылығымыз – шекара қауіпсіздігі"

Ливан премьер-министрі Наджиб Микати Газа секторынан Израильге қарсы шабуылдар алдында елінің оңтүстік шекарасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді басымдық деп атады.

Ливанның ресми агенттігі NNA-дағы хабарға қарағанда Микати Израиль және Газа секторындағы оқиғаларға байланысты кейбір ел басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

Микати кездесуінде Ливан үкіметінің басымдылығының Ливанның оңтүстігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бақылауындағы "Көгілдір желіде" (Израиль-Ливан шекарасы) тыныштықты сақтау екенін баса айтты.

Ливан премьер-министрі Микати Израильдің әуе және теңіз арқылы жалғасып жатқан заң бұзушылықтарының тоқтатылуы керектігін білдірді.

Екінші жағынан Израиль баспасөзінде Ливаннан Израильге енуге әрекет жасаған 2 адамның залалсыздандысрылғаны хабарланды.

Ливанның ресми агенттігі NNA хабарында Израиль артиллериялық бөлімшелерінің Ливандағы Зихайра және Мервехин қалаларына жақын аймақтарды атқаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар