Нигериядағы жарылыста 37 адам қаза тапты

Нигерияда заңсыз мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс 37 адамның өмірін қиды.

2045897
Нигериядағы жарылыста 37 адам қаза тапты

Нигерияның мұнай аймағындағы Нигер дельтасында орналасқан Риверс уәлаятандағы заңсыз мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс 37 адамның өмірін қиды.

 «Arise» телеарнасының хабарлауынша, Риверс уәлаятының Эмохуа аймағындағы заңсыз мұнай өңдеу зауытында шикі мұнай өңделіп жатқан кезде жарылыс болды.

Жарылыс кезінде 37 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Лауазым иелері  аймаққа өрт сөндіру топтары  жіберіліп, оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар