Физикадан Нобель сыйлығының иелері белгілі болды

Физика бойынша 2023 жылғы Нобель сыйлығын  Агостини, Крауш және Л'Хулье алады.

2045682
Физикадан Нобель сыйлығының иелері белгілі болды

Физика бойынша 2023 жылғы Нобель сыйлығын американдық физик Пьер Агостини, венгр физик Ференц Крауш және француз физик Анн Л'Хулье алды.

Швеция Корольдік ғылым академиясында өткен баспасөз мәслихатында физика бойынша Нобель сыйлығы «материядағы электрон динамикасын зерттеу үшін уақыттың ең кіші бірлігі яғни секундтың квинтиллионнан бір бөлігі аттосекундтық жарық импульстерін шығаратын эксперименттік әдістерді» ашқан Агостини, Крауш және Л'Хульеге берілгені хабарланды.

Баспасөз мәслихатында Агостини, Крауш және Л'Хулье электрондардың қозғалатын немесе энергияны өзгертетін процестерді өлшеу үшін қолданылатын қысқа жарық импульстерін жасау әдісін ашқаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар