Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иелері жарияланды

Нобель сыйлығы Каталин Карико мен Дрю Вайсманға беріледі.

2045133
Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иелері жарияланды

Медицина саласындағы 2023 жылғы Нобель сыйлығы Каталин Карико мен Дрю Вайсманға беріледі.

Швециядағы Каролинска институтында өткен баспасөз мәслихатында 2023 жылғы медицина саласындағы Нобель сыйлығы венгриялық 68 жастағы биохимик Карико мен 64 жастағы американдық иммунолог Вайсманға беріледі деп жарияланды.

2022 жылғы медицина саласындағы Нобель сыйлығын 68 жастағы швед биологы Сванте Паабо алған болатын.

1900 жылы 9 маусымда Альфред Нобель қайтыс болғаннан кейін құрылған Нобель қорының адамзатқа қызмет еткендерге беретін марапаттары әлемдегі ең беделді марапаттар болып саналады.

Нобель сыйлығын Швеция Корольдік Ғылым Академиясы, Швеция Академиясы, Каролинска институты және Норвегиялық Нобель комитеті 5 түрлі салада: физика, химия, әдебиет, бейбітшілік және медицина бойынша ең табысты деп танылған тұлғаларға немесе ұйымдарға береді.

Сонымен қатар экономика саласындағы Нобель сыйлығы алғаш рет 1969 жылы берілді.



Ұқсас жаңалықтар