ЕО Сыртқы істер министрлері Киевте

Боррель «Украинаның болашағы ЕО-да» деді.

2044982
ЕО Сыртқы істер министрлері  Киевте

Еуропа Одағы (ЕО) Сыртқы істер министрлері Украинаның астанасы Киевте алғаш рет бас қосты.

Бұл туралы Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Джозеп Боррель әлеуметтік медиа платформасында мәлімдеме жасады.

Боррель «Украинаның болашағы ЕО-да» деді.

Бейресми кездесу алдында Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен ортақ баспасөз мәслихатын өткізген Боррель министрлердің Ресейге қарсы соғысқан Украинаға берілген қолдауға байланысты соңғы жағдайды талқылайтындарын білдірді.

Жозеп Боррель ұйымға мүше барлық елдердің министрлері Киевте жиналып, Украинаны қолдауға бел байлағандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар