Парижде ағаш қандаласы мәселесі

Париж муниципалитеті үкіметті бас қаладағы ағаш қандаласына қарсы әрекет етуге шақырды.

2043898
Парижде ағаш қандаласы мәселесі

Францияның астанасы Парижде кинотеатрлардан кейін метрода да ағаш қандаласы пайда болып, қала тұрғындарының «қорқынышты түсіне» айналды.

Париж муниципалитеті үкіметті астанада өсіп келе жатқан ағаш қандаласына қарсы әрекет етуге шақырды.

Премьер-министр Элизабет Борнға жазған хатында мэрдің орынбасары Эммануэль Грегуар Францияның 2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге дайындалып жатқанын еске салып, үкіметтен ағаш қандаласына қарсы шұғыл шаралар жоспарын іске асыруды сұрады.

Азаматтардың ағаш қандаласымен күресу үшін адам басына 866 еуро жұмсайтынын айтқан Грегуар үкіметтен азаматтарға осыған байланысты қаржылық қолдау көрсетуді талап етті.

Денсаулық сақтау ұлттық агенттігінің (ANSES) деректеріне сәйкес, Франциядағы әрбір 10 үйдің бірінде ағаш қандаласы  бар.

Француздар қандаламен күресу үшін жылына 230 миллион еуро жұмсайды.



Ұқсас жаңалықтар