Қару-жарақ өндірісі еселеп артты

Сергей Шойгу қару зауытына барды.

2043494
Қару-жарақ өндірісі еселеп артты

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қорғаныс өнеркәсібімен бірлескен жұмыс нәтижесінде қару-жарақ өндірісін еселеп арттырғанын айтты.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Шойгу Мәскеу облысында қорғаныс саласында жұмыс істейтін және мемлекеттік тапсырыстарды өндіретін «Тактикалық зымыран қаруы» зауытын тексеріп, зауыт басшыларымен кездесу өткізді.

Зауыт басшылары берген ақпаратқа сәйкес, соңғы 6 айда өндіріс көлемі жоғары дәлдіктегі қару-жарақ бойынша 2 есе, басқа қару-жарақтарда 3,5 және 5 есе өсті. Министр Шойгуға жоғары дәлдіктегі қаруларды жедел әзірлеу және жаңғырту аясында биліктің тапсырмасы бойынша жаппай өндіріске енгізілген соңғы қару үлгілері таныстырылды.

Компанияның Ресей армиясының мүдделеріне сәйкес заманауи авиациялық қаруларды, соның ішінде дәлдігі жоғары алыс қашықтыққа ұшатын қаруларды жасап жатқанын айтқан Шойгу «Өндіріс қарқыны 2024 жылы ғана сақталып қоймайды деп үміттенеміз. Сонымен бірге белгілі бір салада ұлғаяды. Бүгінде біздің бірлескен жұмысымыз өз нәтижесін беруде, өндіріс көлемінің өсімі пайызбен емес, еселеп байқалады» деді.

Ресей министрі наурыз айында зауытта болып, дәлдігі жоғары қару-жарақ өндірісін екі есеге арттыруды тапсырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар