Ливияның жағдайы ауыр

БҰҰ есеп жариялады.

2039182
Ливияның жағдайы ауыр

БҰҰ Ливияда сел апатында 3 мың 958 адамның қаза тапқанын хабарлады.

БҰҰ Гуманитарлық істер координация кеңсесі Ливияда болған сел апатына байланысты 16 қыркүйек күні есеп жариялады. Осы есепте қаза тапқандар саны  3958 деп айтылды. 9 мыңнан астам адам табылмады деген мәліметке орын берді. Іздеу және құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.

БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымының деректеріне қарағанда елдің солтүстік шығысында 40 мыңнан астам адам баспанасынан айрылып қалды.

Тек Дерне қаласының өзінде кемінде 30 мың адам үйсіз қалды.

ЮНИСЕФ мәліметтеріне қарағанда Ливияда селден кейін 300 мың бала түрлі ауруларға душар болды.

БҰҰ-ның Төтенше жағдай қоры Ливия үшін 10 миллион доллар бөлді.  Артынан 71,4 миллион долларлық «жедел көмек» шақыруын тастады.

Ливияда 884 мың адам көмекке мұқтаж.


Этикеттер: #көмек , #ауру , #сел , #БҰҰ , #Ливия

Ұқсас жаңалықтар