ЕО Сыртқы істер министрлері жиналысы Киевте болады

Нью-Йоркте ЕО елдерінің Сыртқы істер министрлері бейресми кездесу өткізді.

2039277
ЕО Сыртқы істер министрлері жиналысы Киевте болады

Еуропа Одағының (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель ЕО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің келесі кездесуінің алғаш рет Украина астанасы Киевте өтетінін хабарлады.

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 78-ші Бас Ассамблеясы шеңберінде ЕО елдерінің Сыртқы істер министрлері бейресми кездесу өткізді.

Кездесуден кейін баспасөзге берген сұхбатында Боррель ЕО және  мүшелерінің БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында 133 елмен кездесетінін және негізгі күн тәртібінің «Украинадағы соғыс, климаттың өзгеруі, тұрақты даму мақсаттары, халықаралық қаржы құрылымындағы реформалар» болатынын айтты.

Боррель "Біз БҰҰ-ның мүмкіндігінше көп мүшесінің бейбітшілік формуласына қолдау көрсетуі үшін Украинамен жұмысты жалғастырғымыз келеді. Бұл үшін барлық министрлер серіктестерімен қарқынды байланысты сақтайды" деді.

Кездесуде ЕО Сыртқы істер министрлерінің Украинаға қатысты қауіпсіздік міндеттемелерін талқылағанын айтқан Боррель алдағы апталарда өтетін сыртқы істер министрлері жиналысының алғаш рет Киевте болатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар