С. Корея басшысы Ресейге барды

Оның Путинмен кездесеті білдірілді.

2036168
С. Корея басшысы Ресейге барды

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мінген бронды пойыз Ресей аумағына кірді.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким мінген бронды пойыз таңертең Ресей шекарасына  өтіп, Приморск өлкесіндегі Хасан вокзалына жеткен.

Пойыз содан кейін Уссурийск қаласынан Хабаровскіге қарай жылжыды. Ким мінген пойыздың қайда баратыны әзірге белгісіз.

Ким кеше Приморск өлкесіндегі Владивостокқа Шығыс экономикалық форумына қатысу үшін барған Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты саммит өткізеді деп күтілуде. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Кимнің Қиыр Шығыс федералды округінде кездесетінін, келіссөзде делегацияларды басқаратынын, қажет болған жағдайда бетпе-бет кездесе алатынын айтқан болатын.

Путиннің Кимнің құрметіне ресми түскі ас беретінін атап көрсеткен Песков келіссөзде екі жақты қарым-қатынастарға тоқталатынын білдірді.

Өткен аптада АҚШ баспасөзі Кимнің Ресейге Путинмен қару-жарақ туралы келіссөздер жүргізуге баратынын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар