Грекияда сел жүрді

Премьер-министр апат аймағына барды.

2035546
Грекияда сел жүрді
yunanistan sel.jpg

Грекиядағы селде 15 адам қаза тапты.

Климат дағдарысы және азаматтық қорғаныс министрлігіне қарасты Өрт сөндіру ұйымының мәлімдемесіне қарағанда, сейсенбі күні басталған нөсер жаңбырдан кейін сел апатында 15 адам қаза тапты.

Апат болған аймаққа барған премьер-министр Кириакос Мицотакия сел апаты жол ашқан зарардың өтелуі үшін Еуропа Одағына өтініш беретінін білдірді.  Ол селден зардап шеккендерге үкіметтің көмек беретінін де айтты.

Мицотакис қоғамның денсаулығын сақтау үшін де бірқатар шара қолданатындарын атап көрсетті.  Ол апат аймағында «батыс Ніл вирусы» бар екенін айтып,  Денсаулық сақтау министрлігінің күрес жүргізетінін білдірді.

Бір жағынан селден зардап шеккендер Лариса қаласында премьер-министрге қарсы наразылық білдірді. Полиция күштері қалың адамға газ шашты. Полиция мен шерушілер арасында шыққан қақтығыста 9 полиция қызметкері жарақат алып, 20-дан астам шеругі қамауға алынды.



Ұқсас жаңалықтар