Палестиналық босқындарға 190 миллион доллар қажет

Палестиналық босқындардың негізгі қажеттіліктері үшін шұғыл түрде 190 миллион доллар қажет.

2034753
Палестиналық босқындарға 190 миллион доллар қажет

Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің (UNRWA) комиссары Филипп Лаззарини Араб Лигасының Сыртқы істер министрлерінің 160-шы кезекті отырысында сөз сөйледі.

Лазарини палестиналық босқындардың осы жылдың соңына дейін негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шұғыл түрде 190 миллион доллар қажет екенін мәлімдеді.

Лазарини Газа халқының жартысынан көбіне азық-түлік жеткізуді жалғастыру үшін қосымша 75 миллион доллар қажет екенін атап өтті.

Филипп Лаззарини «Сириядағы азаматтық соғыстан және 1967 жылы Газадан Иорданияға келген 180 мынан астам палестиналық босқын күн өткен сайын кедейлікпен күресуде. Өкінішке орай UNRWA бұдан былай көмекті бұрынғы қарқынмен жалғастыра алмауы мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар